2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында, «Бөбек» шағын орталығының әдіскері «Шеберлер қаласы» атты танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты — балаларды маңызды және сұранысқа ие мамандықтармен ойын түрінде таныстыру, кез келген еңбекке құрмет қалыптастыру және олардың қабілеттерін ашуға көмектесу. Балалар аспаздық тың қыр-сырын үйреніп, талалық ережелерін меңгеріп, өздерінің алғашқы «тағамдарын» дайындап көрді. Ыждағаттылықпен инемен жіп ұстауды, алғашқы тігістерін жасауды және киім тігу құпияларын үйренді.
Импровизацияланған манекенде жас стилисттер қайшы мен тарақты шебер қолдануға тырысып, ұқыптылықты дамытты.
Топ болып жұмыс жасап, текше мен конструкторлардан үйлер мен мұнаралар тұрғызып, кеңістіктік ойлау мен логикаларын жетілдірді.





