«Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 25 ақпанда «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ учаскелік инспектор, полиция подполковнигі П.Ю. Мусацков келді. Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерімен бірлесіп 8–11 сынып оқушыларымен әңгіме өткізілді.

Әңгіме тақырыбы – қазіргі заманның өзекті мәселелері, атап айтқанда интернет-алаяқтық және «закладка» деп аталатын тәсіл арқылы есірткі заттарының заңсыз айналымы болды.
Кездесу барысында полиция қызметкері интернет-алаяқтықтың ең кең таралған схемалары туралы жан-жақты айтып берді, құқық бұзушылардың жасөспірімдерді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы заңсыз әрекеттерге қалай тартатынын түсіндірді, сондай-ақ цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық сақтау ережелерін еске салды.