2026 жылғы 25 мамыр күні Қазанка жалпы білім беретін мектебі базасында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн түлектер, ұстаздар, ата-аналар мен мектеп оқушылары үшін ерекше әсерлі әрі есте қаларлық мерекеге айналды.
Түлектерге жүрекжарды құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылып, оқушылардың оқу, шығармашылық және қоғамдық өмірдегі жетістіктері ерекше атап өтілді. Мерекелік көңіл күй, шаттыққа толы сәттер мен ақжарма тілектер бұл күннің маңызын арттыра түсті.
Салтанатты жиыннан кейін мектеп оқушылары «Білімім — Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарына қатысты. Сынып сағаттарының мақсаты — білімнің маңызын дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және жас ұрпақтың ел болашағына деген жауапкершілігін қалыптастыру.





