2026 жылғы 4 мамыр күні «Қазан жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Жамбыл аудандық полиция бөлімінің өкілінің қатысуымен оқушылар, педагогтер және ата-аналар қауымдастығы үшін құқықтық лекторий өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау және заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігі, буллингтің, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәлімет алып, құқық қорғау органы өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.





