2026 жылғы 4 маусым күні Қазанка жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Күншуақ» балалар алаңында «Олимпиада үміттері» атты тақырыптық күн өтті. Бұл күні балалар қызықты кеме жүздіру ойынына қатысып, ептіліктері мен тапқырлықтарын көрсетіп, жарыс рухын сезінді. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсер қалдырды, достық қарым-қатынасты нығайтып, белсенді демалысқа деген қызығушылықтарын арттырды.





