2026 жылғы 8 маусым күні Қазанка жалпы білім беретін мектебінің жанындағы «Күншуақ» мектепалды алаңында «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы күн өтті.
Іс-шара барысында балалар салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын еске түсіріп, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және күн тәртібін сақтау туралы әңгімелесті. Сондай-ақ «Ауыз қуысы гигиенасы» тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Балалар тістерді күтіп ұстау ережелерімен танысып, тісті үнемі тазалаудың маңызы мен стоматологиялық аурулардың алдын алу жолдары туралы білді.
Күн танымдық әрі қызықты өтіп, балалардың бойында пайдалы әдеттер мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.





