«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» сынып сағаты – жақсылық пен түсіністікке бастар қадам
Сынып: 5
Сынып жетекшісі: Алпыс М.С.
Бүгін біздің сыныпта “Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз” тақырыбында сынып сағаты өтті. Біз жақсы қарым-қатынастың маңыздылығын, және мейірімділіктің, ауызбіршіліктің қаншалықты маңызды екенін талқыладық.
Сабақ барысында:
Зорлық-зомбылық деген не, оның қандай түрлері бар және оның тек өзгелерге ғана емес, өзімізге де зиян келтіретінін талқыладық.
Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуді және өз эмоцияларымызды агрессиясыз жеткізуді үйрендік.





