«Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Казанка ЖОББМ 10–11 сынып оқушылары «Қаржы-сақшысы» атты компьютерлік ойынды ойнауды бастады

Казанка ЖОББМ 10–11 сынып оқушылары «Қаржы-сақшысы» атты компьютерлік ойынды ойнауды бастады. Бұл ойынның мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық түрлері, қаржы пирамидалары, интернеттегі дроперлық, цифрлық алаяқтылықтың алдын алу, онлайн қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыру.
Оқушылар ойын барысында қауіпті жағдайларды анықтауды, алаяқтардың айла-тәсілдерін тануды және өз деректерін қорғауды үйренеді. Мұндай тәжірибе жүзінде өткен ойын оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, саналы шешім қабылдауға көмектеседі.