Мектеп кітапханасында белгілі фильмдердің негізіне айналған шығармаларға арналған «Кітаптан көркем филімге дейін» атты әдеби сағат өтті. Іс-шараға қатысушылар әдеби шығармалардың экранда қалай «жанданып», кітап пен оның экранизациясының қандай айырмашылықтары бар екенін білді.
Кітапханашы оқушыларды фильмдер түсірілген танымал кітаптармен таныстырып, олардың авторлары мен шығармалардың жазылу тарихы туралы әңгімеледі. Балалар өздеріне таныс экранизацияларды еске алып, фильмдерде не дәл берілгенін, ал кітаппен салыстырғанда қандай өзгерістер енгізілгенін талқылады.
Әдеби сағат барысында «Кітап және кино» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ол оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл іс-шара оқуға деген қызығушылықты арттырып, кино әлемінде де кітаптың білім мен шабыттың маңызды көзі болып қала беретінін көрсетті.





