2026 жылғы 28 қаңтар күні «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары арасында «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.
2026 жылғы 28 қаңтар күні «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» оқушылары арасында «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.
2026 жылғы 28 қаңтарда мектеп парламенті белсенділерімен «Балалардың құқықтары мен міндеттерін талқылау, заң мен тәртіп құндылығын қалыптастыру» тақырыбында әңгіме өткізілді.
2026 жылғы 27 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығы аясында «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары арасында «Заң мен тәртіп станциялары» атты онлайн-ойын өткізілді.
«Кибербуллинг жөніндегі материалдар»
2026 жылғы 26 қаңтарда «Заң және тәртіп» іс-шарасы аясында «Казанка жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушылары арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша онлайн-викторина және лекторий өтті.
2026 жылғы 23 қантарда "Заң және тәртіп" айлығы аясында "Казанка жалпы орта білім беретін мектебі " КММ оқушылары арасында "Заң - балалардың қөзымен" атты сурет байқауы өтті.
Мектепте кітапхана кеңесі мен мектеп парламентінің мүшелері ұйымдастырған оқулықтардың сақталуын тексеру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара кітапханашы Шатохина Л.В. және тәлімгер Лобода Ю.А. жетекшілігімен өтті.
Тексеру барысында оқулықтардың жағдайына, қаптамасының болуына, ұқыпты пайдаланылуына, сондай-ақ оқушылардың оқу әдебиетін пайдалану ережелерін сақтауына ерекше көңіл бөлінді. Комиссия мүшелері оқушылардың қолындағы оқулықтарды қарап, мектеп кітапхана қорына ұқыпты қарау жөнінде түсіндірме әңгімелер жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша оқушылардың басым көпшілігі оқулықтардың сақталуына жауапкершілікпен қарайтыны атап өтілді. Ұсақ кемшіліктерге жол берген оқушыларға оқулықтарды тиісті жағдайға келтіру бойынша ұсыныстар берілді. Жүргізілген жұмыс оқушылардың жауапкершілігін, ұқыптылығын және кітапты білім көзі ретінде құрметтеуін қалыптастыруға ықпал етеді.
2026 жылғы 12 қаңтарда КММ «Қазанка жалпы білім беретін мектебінде» «Заң және тәртіп» айлығы аясында 5–11 сынып оқушылары арасында «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгіме өткізілді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтарға, буллингке және кибербуллингке нөлдік төзімділік туралы ақпарат берілді.
9 қаңтар күні «Заң мен тәртіп» айлығы аясында «Қазанка ОМ» КММ-де ата-аналарға арналған «Қаржылық жауапкершілік» тақырыбында дәріс өтті.
8 қаңтарда КММ «Қазанка ОМ»-да «Заң және тәртіп» айлығының, «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасының ашылуы өтті, сондай-ақ оқушылар арасында бірыңғай қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Мектеп кітапханасында оқушылардың кітап оқуға және көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында «Менің сүйікті кітап кейіпкерім» атты байқау өтті. Байқауға әртүрлі жас топтарындағы оқушылар қатысып, өздерінің сүйікті әдеби кейіпкерлерін үлкен қызығушылықпен таныстырды. Байқау оқушылар арасында ерекше қызығушылық тудырып, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға, қиялды дамытуға және өз ойын еркін жеткізе білуге ықпал етті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Кітапханада осындай байқауларды өткізу балаларды кітап әлеміне баулып, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге көмектеседі.