2026 жылғы 4 мамыр күні «Қазан жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Жамбыл аудандық полиция бөлімінің өкілінің қатысуымен оқушылар, педагогтер және ата-аналар қауымдастығы үшін құқықтық лекторий өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау және заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігі, буллингтің, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы мәлімет алып, құқық қорғау органы өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
2026 жылғы 5 мамыр күні «Жүректен іске: естелік эстафетасы» атты іс-шара өтті. Осы іс-шара аясында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы шеңберінде мемориалдар мен ескерткіш орындарын абаттандыру және тазалау бойынша экологиялық акция ұйымдастырылды.
Отан қорғаушылар күніне орай, маңызды мереке қарсаңында, 2026 жылғы 30 сәуірде «Казанка ЖОББМ» КММ Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік сабағы» атты бірыңғай сабақтар өткізілді.
Отан қорғаушылар күнін мерекелеу қарсаңында, 2026 жылғы 5 мамырда «Казан ЖОББМ» КММ оқушылар арасында әскери-спорттық турнир өткізілді.
2026 жылғы 4 мамырда Отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында «Казанка ЖОББМ» КММ оқушылары арасында шағын футболдан турнир өткізілді.
«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында 2026 жылғы 5 мамырда «Казанка ЖОББМ» КММ оқушылары үшін «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «алуан түрліліктегі бірлік» қағидаттарына негізделген, оқушылар арасында этносаралық толерантты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған дәріс өткізілді.